Карантин кезінде саябырсып қалғаны болмаса, Түркістан облысы бойынша зекет дәрістері жыл бойы жүргізіліп келеді, деп хабарлайды yassi.kz.

Алдымен зекет жетекшілеріне дәрістер өткізіліп, кейін кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, егін және мал шаруашылықтарының басына барып та диқандар мен шаруаларға зекеттің түсіндірілді. Түркістан қаласы мен Созақ, Отырар, Төлеби, Келес, Қазығұрт, Жетісай аудандарында өткен дәрістерге жамағаттар, кәсіпкерлер, дүкен иелері қатысты.

Маусым айына жаңадан жоспар бекітілді. Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам аудандарындағы мал-егін шаруашылықтарына бару көзделген. Арнайы жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша зекет парызы насихатталған жерлерде нәтиже бар. Бұл туралы облыстық зекет өкілі Еркін Полатов бөлім жетекшілерімен өткен мәжілісте хабарлады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Әбсаттар қажы Дербісәлінің рухына Құран бағышталды

Енді әлеуметтік желі беттерінде онлайн зекет дәрістері тұрақты жүргізілетін болады. Қазір зекет тақырыптары мен насихатшылардың тізімі түзіліп жатыр.

Пікір жазу