Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, сондай-ақ, қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.

«Бүгін көршілес мемлекеттен облыстағы науқастарға пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келіп отыр. Бұл облыстағы медициналық ұйымдарға, қалғаны дәріханаларға таратылатын болады. Келген жүк 2 айға дейін облыстағы науқастарға жетеді. Алдағы апта Түркия елінен қосымша тағы дәрі-дәрмек қоры келеді. Жалпы облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн қаражат бөлініп отыр», — деді басқарма басшысы Марат Орынбасарұлы.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов көз жұмды

Атап айтсақ, «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 млн 420 мың құты, «Дексаметазон инъекцияға арналған ампулалары» – 100 мың дана, «Аспарин» – 30 мың құты дәрі келді.

Пікір жазу