Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуежолы» компаниясы ұшағының апатынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Биылғы 8 қаңтарда «Украина халықаралық әуежолы» компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында шамамен 180 жолаушы болған.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз

Пікір жазу