Сұрағыңызға бірден жауап бермес бұрын әуелі мынаны айта кету керек. Үтір намазын оқу қажеттіліне барлық ғалымдар бір ауыздан келіскен. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әй, Құран иелері! Үтір намазын оқыңдар. Шын мәнінде аса үстем әрі құдыреті шексіз Алла тағала жалғыз-дара. Ол дара, тақ (санды) жақсы көреді»,– деген (Әбу Дәуіт және Тирмизи бұл хадисті сахих деп риуаят еткен). Имам Ағзам Әбу Ханифаның көзқарасына орай, үтір намазы айт намаздары секілді – уәжіп. Ал екі шәкірті – Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарасы бойынша – бекітілген сүннет. Ханафи мәзһабында егер қандай да бір мәселеге қатысты ғалымдар арасында әр түрлі пікір болса, құлшылыққа қатысты мәселелерде көбіне Имам Ағзамның көзқарасы таңдалады.
Имам Ағзам үтір намазының уәжіп екенідігіне дәлел ретінже жоғарыдағы хадис пен қатар (Харижа ибн Хузафа, Амр ибн Ас, Ұқба ибн Әмір, Ибн Аббас т.б. секілді) сегіз сахаба риуаят еткен: «Расында Алла тағала сендерді тағы бір намазбен демеді. Ол – үтір намазы. Ол сендер үшін қызыл түйелерден де артық. Оны құптан мен таң намазының арасында оқыңдар»,– деген хадиске сүйенген (Әбу Дәуіт, Тирмизи, Ибн Маже Харижаның хадисін риуаят еткен). Бұл жердегі хадисте «оқыңдар» деп бұйрық райында айтылғандықтан ол міндеттілікті білдіреді. Сонымен қатар «Үтір – хаққ. Кім үтір намазын оқымаса – ол бізден емес», (Хаким әл-Мустәдрак ала-сахихайн, 1/304), «Үтір намазы әрбір мұсылман үшін хаққ» (Бұл хадисті Әбу Дәуіт, Нәсәи, Ибн Мажә, Ахмад ибн Ханбал, Ибн Хиббан және Хакимдер келтірген. Хаким бұл хадисті Имам Бұхари мен Мүслимнің шарттарына сәйкес келетінін айтқан) – деген хадистер де бар. Осы хадистердегі «хаққ» деген сөзді кей ғалымдар бекітілген сүннет деп қабылдаса, ханафилер уәжіп деп қабылдаған. Сонымен қатар Әбу Саид (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Үтірді таң атқызбай оқыңдар!»,– деп айтқанын жеткізген (Муслим, Сахих, 1/519). Тағы бір хадисте: «Біреулерің үтірді оқымастан таң атырса, үтірді оқысын»,– делінген (Хасәми, Мажмауз-зауаид, 2/499). Осы дәлелдерге сүйне отырып ханафи ғалымдары үтір намазын уәжіп деп бекіткен. Олай болса оны оқымаған жағдайда, қазасын өтеу міндет болып табылады.
Ассалаумағалейкум рахматуллахи уә бәрәкәтух! Мен қоятын сұрағым егер адам құптанды таң атуына шақ қалғанда оқыса және үтір уәжіп ке келгенде таң намазы кіріп қойса мен қазасын өтеймін бе? Алайда мен құптанның парызын оқып қойғам.АЛЛА разы болсын!!!
Ассалаумагалейкум намазды Шама келгенше уакытында окылган намаз кайырлырак
Утир намазды, сунет намазды билетин кыска сурелермен окыса боладыма? 4 ракахат сунетте 2 билетын кыса сурены кайталап окыса боладыма? Ыкыласпен, каусар сурелерин.
Утир намазды, сунет намазды билетин кыска сурелермен окыса боладыма? 4 ракахат сунетте 2 билетын кыса сурены кайталап окыса боладыма? Ыкыласпен, каусар сурелерин.
Намаз окып отырып шошып кетим, нмазым бузылдыма?
Асслямуалейкум қалайсыздар ? Үтір намазы фатиха такбірлер жарйа оқыладыма ? Еккі жаққа сәлем бергенде жарайа сәлем берембе ?