Нұр-Сұлтан. 20 қыркүйек. KAZISLAM – Кеше ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді.

«Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары Өңірлік терроризмге қарсы комиссиялар тұрғысынан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ интернет – кеңістігіндегі  деструктивті діни идеологияға қарсы іс-қимыл шараларын талқылады»,  – деп хабарлады ҰҚК.

Терроризмге қарсы орталық отырысының қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.

Пікір жазу