Егемендігімізді алған алғашқы жылдары қоғам өмірінде діннің рөлі ерекше мәнге ие болды. Діннің мәртебесі көтеріліп дінге сенушілердің саны арта бастады. Сонымен қатар діни терроризм мен экстремизмге үгіттейтін күштер мен көптеген жат ағымдардың да қаптап кеткені белгілі. Жетпіс жыл атеистік қоғамда өмір сүріп, енді ғана бойын тіктеген қазақ жеріне дәстүрлі емес діни ағымдардың саңырауқұлақша қаптап кетуінің бірнеше факторлары бар.
1992 жылы 15 қаңтарда алғаш рет қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» сонымен қатар 1995 жылғы қабылданған заңдағы «Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар», әр адамның қай дінге, қандай партияға, қай ұлтқа, жататынын көрсетуге я болмаса көрсетпеуге заң бойынша құқығы бар екендігі нақты айтылған болатын. Өкінішке орай осы қабылданған заңнан кейін әр түрлі керағар діни ағымдар елімізде пайда бола бастады. Олардың арасында шетелдік миссионерлер де жетерлік. Бұған қоса діни білім аламыз деген қазақ жастары мұсылман мемлекеттеріне ағылып кете бастады. Ол кездегі шетелдік діни оқу орындарының қандай бағытта білім беретіндігі ескерілмеді. Дәс сол мезгілдерде мұсылмандықты қатаң ұстанатын мемлекеттерде діни алауыздық пен дінге қарсы қатаң көзқарастар қатты жүріп жатты. Осындай елдерден діни білім алған қазақ жастары Қазақстан азаматтарының діни ұстанымдарынан өзгеше дәстүрлі емес діни бағыттарға кетіп қалды. Бұл өз кезегінде ел ішіндегі тұрақтылықтың, тыныштықтың бұзылуына және жастардың дәстүріміз бен рухани құндылықтарымызға қарсы шығуына алып келді.
Қазіргі уақытты барлық мемлекеттерде діни экстримизм мен терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүріп жатқандығы белгілі. Қазақ жерінде дін атын жамылған соның ішінде исламды бүркемеленген діни ағымдардың алдын алу кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Бұл діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға іріткі салумен қатар дінаралық келіспеушіліктерге әкелу. Бүгінде мұндай ағымдардың жетегінде жүрген және оның ішіне кіріп кетіп жатқандары да аз емес екендігі белгілі. Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің негізгі үш себептерін атап көрсетуге болады.
Біріншіден, жалпы қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуы мен дінге деген дұрыс көзқарастың болмауы.
Екіншіден, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы және қоғамда өз орнын таба алмай жүрген азаматтарды қатарларына қосып жатқанын байқаймыз.
Үшіншіден, ел ішіндегі және шет елдердегі теріс көзқарастарды насихаттап жүрген идеологтардың өз қызметтерін, дәрістерін жастар арасында белсенді таратуында болып отыр.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің қайсы бірін алып қарасақ та, барлығы жақсы қасиеттер мен адамгершілікке тәрбиелейді. Ислам дінінде адамгершілік пен сабырлылыққа шақыратын қанатты сөздер Құран аяттары мен хадистерде көптеп кездеседі. Ислам дінінің өзі бейбітшілік, тыныштық деген мағынаны білдіреді. Өкінішке орай бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарынан көретініміз тек қана лаңкестік оқиғалар мен дінді кері бұрмалаушылық болып отыр. Ислам дініне экстремизм немесе терроризм деген ұғымдардың жат екендігі белгілі. Ал қазіргі дін атын жамылып келіп жатқан ағымдардың астарында саясиланған мүдде жатқандығы айқын.
Жоғарыда талған мәселелерге байланысты елімізде дәстүрлі діни ағымдардың алдын алу, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту және діни сауаттылықты арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі мен үнқатысуы қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі» деп атап көрсеткен.
2011 жылы 11 қаңтарда ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданды, жалпы діни мәселелерге қатысты жұмыстарды «Дін істері комитеті» реттейтін болды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан өңірінде тіркелген 46 конфессия мен 4551 діни бірлестіктер анықталған болса, 2016 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес 18 конфессия 3601 діни бірлестіктерге азайды.
Дегенмен, көп ұлтты Қазақстандағы бүгінгі діни жағдай маңызды мәселе екенін жасырмаймыз. Сондай-ақ үнемі сандық және сапалық өзгерістерге ұшырап отырады.
Жоғарыда аталған заңның аясында діни сауаттылықты арттыруға көңіл бөлініп, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Елімізде он бес діни оқу орны бар. Олардың екеуі христиан бағытында, он үші ислам діні бағытында. Бастапқы курстар мен діни мектептердің саны төр жүзге жуықтайды. Бүгінгі таңда Республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарында дінтану мамандығы дайындалып, басқа мамандық бойынша оқитын студенттерге «дінтану» пәні оқытылады. Сондай-ақ барлық мектептердің 9-сыныптарында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні арнайы оқытылады. Бұл жастардың діни сауат ашуымен қатар теріс ағымдардың жетегінде кетпеуінің басты құралы болатыны анық.
Coнымeн қатар, еліміздегі діни ахуалды жақсарту мен діни сауаттылықты арттыру мақсатында және, діни тeррoризм мeн экcтремизмнің aлдын aлуғa дін мәсeлелeрі жөніндeгі республикалық aқпaраттық-түсіндіру тoптaры құрылды. РАТТ құрaмынa дінтaнушылaр, теoлoгтар, психoлогтaр, зaңгeрлeр, жәнe жeргілікті aтқaрушы oргандaрдың қызмeткeрлeрі енді. Бүгінде республиканың барлық өңірлерінде (РАТТ) мүшелері белсенді жұмыс жасап, қоғамды діни сауаттандырумен қатар кереғар діни ағымдардан қорғануына үлкен мүмкіндіктер тудыруда.
Ислaм атын бүркемеленген ағымдардың алдын алу мaқсaтындa Дін істeрі кoмитeтінің ұйтқысымен 2013 жылы діни жағдайлар бoйыншa aқпaрaттaрды қaбылдaу мeн халыққа түсіндіру кеңесін беру Oртaлығы құрылды. Осының негізінде тәулік бойы арнайы қызмет көрсeтетін «Қауырт желі – 114» қызметі ұйымдacтырылды. Қауырт желінің негізгі қызымeті жалпы aзaматтaрды дін мәceлесі бoйыншa тәулік бoйы тeгін ақпaрaттандыру мeн қaтар дін caласындaғы зaңдaрдың бұзылуы турaлы мәлімeттeрді жинaқтау мeн oлaрды құқық қoрғау oргандарынa жoлдaу.
Сoндай-ақ, 2013 жылы қоғамға дәcтүрлі иcлaм нeгіздeрін түcіндіру мeн қoғaмды жaт aғымдaрдaн сaқтaндыру мaқcaтындa «E-islam» интeрнeт-пoртaлы құрылды. Қазіргі уақытта кез келген дін мәселесі бойынша сұрақтарды порталдағы дін мамандарына қою арқылы нақты әрі дұрыс жауап алуға мүмкіндіктер жасалынып отыр.
Қазіргі ақпараттың жетік дамыған уақытында ақпараттық ресурстарды қолданып, жоғарыда аталған мәселелер жөнінде ғылыми танымдық әдістемелер жасау, елдегі болып жатқан діни мәселелердің себептерін ашып көрсетіп, халықты дұрыс мәліметпен қамтамасыз ете алсақ, дін саласындағы қызмет өз жемісін берері сөзсіз. Сонда ғана еліміз өркендеп, сауатты азаматтарымыз көбейіп, мемлекетімізді теріс діни ағымдардан сақтап қалаламыз. Қазіргі қоғам халықтың діни сауатты болғанын талап етеді.
А.Әбуов,
Ф.ғ.д., профессор