Мәскеу қаласының Таган ауданының соты 13 сәуірден бастап Ресей аумағында Telegram мессенджерін бұғаттау туралы шешім шығарды.
Терроризмге ашылған жол.
Осы сот ісі бойынша нақты Telegram желісінде тіркелеген 6 аккаунттың IP- мекендері мен порт номерлері және де «олардың жазбаларын оқуға мүмкіндік беретін мәліметтер» арнайы сот шешімімен сұратылған болатын. Аталған 6 тұтынушының екеуі 2017 жылғы Санкт- Петербор қаласында болған террорлық оқиға байланысты күдіктілер болып табылады және қалған төртеуі олардың сыбайластары болуы мүмкін делінген. ФҚҚ (Федералды Қауіпсіздік Қызметі) өтінші Ресей мемлекетінің ешқандай да заңдық нормаларына қайшы емес екендігі, атап айтқанда конституцияның 23 бабының, 2 тармағы бойынша, әрбір азамат құпия хат алмасуға құқылы, алайда ОСЫ ҚҰҚЫҚТАР АРНАЙЫ СОТ ШЕШМІМЕН ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН деген нормаларына сай атқарылып отыр.
Айыптаушылардың айтуы бойынша Telegram құралының көмегімен террористер өздерінің іс-қималдары мен жоспарларын жүзеге асырып отырған. Және осы әлеуметтік желінің көмегімен ДАИШ сынды террористік ұйымдар өз қатарына ғаламтор желісі арқылы жаңа рекруттарын тартумен айналысады.
Күрделі құрылым
Telegram сервисін құрастырушы Павел Дуровтан ФҚҚ-нің қызметкерлері құқық бұзушылардың жазбалары мен хаттарына оперативті-іздестіру шараларына қажет қолжетімділікті талап етіп қойған болса, құрастырушылар мұндай мүмкіндіктің техникалық деңгейде жоқ екенін жеткізіп отыр. Себебі, мессенджердің архитектурасында ондай қызмет мүлде жоқ және де жоспарланбаған да дегенді дәйек етеді. Тұтынушылардың мәліметтеріне рұқсат беретін криптокілттер әу басында әрбір тұтынушының құрлығыларында он минуттан астам уақыттай ғана сақталатындай етіп ойластырылған және ол криптокілттер бірнеше елде орналасқан серверлерде ғана сақталады. Ал, ол мәліметтерге қол жеткізу үшін бірнеше мемлекеттердің сотының шешемі керек.
Павел Дуров
«Вконтакте» желісінде бұл бұғыттаулар жөнінде Павел Дуров өз ойымен бөлісті. Оның пайымдауынша бұл іс-әрекеттер заңға қайшы, және ол өзінің құқықтарын қорғауға барынша кірісетінін айтты. Дуровтың сөзінше Ресей бойынша 15 миллион адамның өмірі мен кәсібіне бұл тыйымдар залалын тигізіп отыр.
Ресейдегі террористік қауіптің деңгейі бұл тыйымнан өзгере қоймайды дейді кәсіпкер, себебі «Экстремистер мен террористер басқа да шифрленген каналдарды немесе басқа мессенджерлер мен VPN арқылы өз әрекеттерін жалғастыра береді»
Telegram-ның негізін қалаушы Ресей үшін ұлттық қауіпсіздікке пайдасынан зияны көп деген көзқарасты ұстанып отыр, «Ғаламторды қолданушылардың жеке мәліметтері енді, Ресей үшін қолжетмісіз WhatsApp пен Facebook секілді АҚШ мүддесіне жұмыс жасайтын желілерге ауысады»,- деді.
арнайы Kazislam.kz
үшін Асхат Ахмедияр