Ибраһим бір қызметшісін жіберіп, ол кісі оянғанда өзіне ертіп келуін тапсырады. Біршама уақыттан кейін қызметшісі әлгі кісіні ертіп келеді. Ибраһим одан «Бағана қатқан нанды қажағанда, қарның аш па еді?» деп сұрады. Ол «Иә» дейді. Ибраһим «Ал енді соған тойдың ба?» деп сұрап еді, ол тағы да «Иә, тойдым» деп жауап қатты. Ибраһим Әдхам таңданып «Соған-ақ рахаттанып ұйықтадың ба?» деп еді, ол «Әрине» деді.
Бұны естігенде, Ибраһим Әдхам «Демек, адамға анығында осы да жеткілікті екен ғой, дүниеге салынудың арты жақсылыққа апармас» деп тәубе етеді.
Қ.Сабыржанұлы