Сол табиғи құбылыстардың себебі мен салдарын анықтай келе адамдар өз тұрмысын оңтайлатуды, шаруасына тиімді пайдалануды үйренген. Мәселен, ай шалқасынан туса үлкендер «өзіне жайлы, шаруаға жайсыз туыпты»,-деп ол маусымда жауын-шашын азайып, егінге қолайсыз болатынын болжаған. Сондай-ақ, көкек айында отамалы суығы өтпей күн жылымайтындығын «сәуір болмай, тәуір болмайды» деп екіауыз сөзбен айтқан. Сонымен бірге, көктемнің ең соңғы суығы мамырдың аяғында киік төлдеген шақта болатындықтан ол құбылысты «құралайдың суығы» деп атаған. Жалпы, қыс шілдесіне қарап жаздың, жаз шілдесіне қарап қыстың ауа райын біліп отырған. Табиғи апат айтып келмейді. Десе де, оның алдын алған жөн. Ел аман, жұрт тыныш заманда дүйім елдің үйсіз, күйсіз қалуы дұрыс емес.
Құран Кәрімде: «Әрі Алла Тағала олар үмітсіздікке түскеннен кейін жаңбыр жаудырады және Өз мейірімін жаяды…[1]»,-деп жауын-шашын – тіршілік көзі екені баян етілуде. Қар мен жаңбыр – Құдайдың мейірімі. Молшылық пен берекеттің қайнар көзі. Егінші мен малшының шаруасы тікелей соған байланысты. Оны дұрыс пайдалана білу қажет-ақ. Аспан суын тиімді игермеудің салдарынан елді-мекенді көктемде су басып, сел шайып өтсе, жазда егінге ешбір пайдасы тағы болмайды. Әрине, бұл ауыл шаруашылығы мен төтенше жағдайға жауапты құзырлы мекемелер шаруасы. Менің айтпағым, табиғи апаттарға, анығырақ айтқанда, жауын-шашынға қатысты дұға. Айша (р.а.) анамыз жеткізген хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұлт келе жатса: «Уа, Алла! Пайдалы жауын-шашын болсын[2]»,-деп дұға етеді екен. Сонымен қатар, сел мен су тасқынынан сақтану үшін: «Уа, Алла! Рақымет (жақсылық) жауынын бере гөр, азапты, пәлекетті, қиратушы және үй-жай мен мал-жан суға кетіруші жауыннан сақта. Уа, Алла! Жоталарға, ағаш өсетін жерге жаусын. Уа, Алла! Біздің үстімізге емес, айналамызға жаусын»,-деген дұғаны оқыған дұрыс екен.
Руслан ҚАМБАРОВ,
дінтанушы