11 мамыр. KAZISLAM – Ташкентте Шейх Мұхаммад Садық Мұхаммед Юсуф атындағы мешіт ашылды, деп жазады Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының ресми порталы muslim.uz.

Еске сала кетейік, Шейх Мұхаммад Садық Мұхаммед Юсуф Ташкенттегі Чилонзар ауданында орналасқан «Суғалли ата» зиярат орнына мешіттің құрылысын бастаған болатын. Алайда ұзақ жылдар бойы мешіт құрылысы тоқтап қалған.

Өткен жылдың ақпан айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мешіт құрылысында болып, кең және көркем етіп  аяқтауды тапсырған.

«Бүгін мұнда 2 гектардан астам жерді алып жатқан мешіттің жұмысы аяқталды. Алдыңғы жобаның дәлізі мешітке қосылып, кеңейтілді. Жаңа кешенде конференция зал, дәрісхана, мұражай, дәретхана және басқа да бөлмелер бар. Жол бойындағы Суғалли ата кесенесі де қалпына келтірілді. Айналасы бетон қалдықтарынан тазартылып, толықтай көгалдандырылған», – деді Шавкат Мирзиёев.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Өртенген үйден Құран аман шықты

Шейх Мұхаммед Садык Мұхаммед Юсуф Орталық Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі және тәуелсіз Өзбекстанның ең алғашқы мүфтиі болған. Ол түрлі діни тақырыптар бойынша 100-ден астам кітаптар жазды, исламды насихаттау, халықтың білімін және руханиятын арттыруға үлкен үлес қосқан ғалым.

Сондай-ақ, Шавкат Мирзиёев бұл мешіттің шейх Мұхаммад Садық Мұхаммед Юсуфтың атына лайық екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы шейхтің ғылыми мұрасын зерделеу, білім беру және рухани-адамгершілік тақырыптар бойынша кітаптар шығаруды кеңейту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту бойынша ұсыныстар берді.