Жаңалықтар

Тарихтағы ең бай лаңкестік ұйым

«Бүгінде  Сирия мен Ирактағы 11 мұнай кенін иемденген лаңкестік топ, одан шыққан өнімді Иордания, Ирак және Түркия елдеріне жасырын саудалап отыр» деп хабардар етеді «newsru.com».

Қара алтынның нарықтағы бағасының бір баррелі 100 доллар болса,  «ИШИР» мұнайды  25 пен 60 доллар аралығында бағалаған.

Америка барлаушыларының айтуы бойынша АҚШ авиациясы бұл топтың табыс көзі мұнай инфраструктурасын оңай-ақ жоя алады. Алайда, Вашингтон әуе шабулынан бейбіт тұрғындар көбірек жапа шегетіндіктен бұл қадамға әзірге бара алмай отыр.

Сондай-ақ, «ИШИР»  адам саудасы, тонау, кепілдегі адамдардың құны арқылы да қомақты табыс табуда.

 E-islam.kz

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close