19 наурыз. KAZISLAM –  Күллі әлемді дүрліктіріп, күн санап өршіп келе жатқан коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында еліміздегі мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары қолға алынды.

Елімізге төнген қатердің алдын алу мақсатында сақтық шаралары тағы да күшейтілді. Жамбыл облысының орталық «Һибатулла Тарази» мешіті, әйелдер намазханасы жанында орналасқан «Һибатулла Тарази» медресесі толықтай арнайы аппараттармен залалсыздандырылды.

Арнайы мамандар келіп, химиялық қоспасы бар құрал арқылы кешенді тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұдан өзге де шаралар атқарылып, күн сайын қауіпсіздік жағдайы артуда.

Пікір жазу