KAZISLAM – Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында «Талибан» содырлары бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасап, кем дегенде алты полиция қызметкерін өлтірді. Бұл туралы eadaily.com-ға  сілтеме жасап «Правильный выбор»  хабарлайды.

Кері соққы нәтижесінде үш содыр жойылып, тағы екеуі жараланды.

Осы аптада Дохада ауғанаралық келіссөздер жоспарланған, Кабул тарапынан белсенді дайындық жүргізілуде, делегация құрамы бекітілді. Келіссөздерді бастау үшін Талибан* шарттарының бірі АҚШ-пен келісілген 5000 тұтқынның соңғы 400-ін босату болды.

Кеше президент Ашраф Ғани оларды босату туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды, алайда олар ең қауіпті және бітіспес исламшылардың бірі.

Пікір жазу