Талдықорған: Қой зекеті берілді

    376

    Біз елемей, байыбына бара бермейтін тарыдай жақсылықтың да таудай сауабы бар! Алла Тағала қасиетті Құранның «Сәба» сүресінің 39-аятында: «Сендер не жұмсасаңдар да, Алла оның орнын қайта толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы» делінген.

    Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайырымдылыққа зәру жандарды іздеген Талдықорған қаласының кәсіпкер азаматтары ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігі және «Зекет» қорымен бірлесіп, 10 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек, 4 отбасыға қой зекетін берді. Балаларды да құралақан қалдырмай, ойыншық сыйлады.

    Өздеріне Алладан жіберілген жақсылыққа көңілі жібіген мұқтаж жандардың бірі көзіне жас алса, бірі алғысын жаудырып қуанышын білдірді.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасы өтті

    Алланың разылығын іздеген кәсіпкер бауырларымыздың отбасындағы қуаныштары ортаймай, берекесі арта бергей!

    Пікір жазу