– Иә, балақай, неге жыладың? – деп сұрайды.
– Емдей алмасаңыз, дертімді қозғамаңыз, – дейді бала.
– Әуелі дертіңнің не екенін айт, бәлкім көмектесермін.
– Олай болса айтыңызшы, біз осы ойнау үшін жаратылдық па?
Бәһлүл аз ғана ойланып:
– Мен мұның жауабын білмейді екенмін. Өзің айтшы, сонда не үшін жаратылдық?
– Біз ілім алу үшін, ғибадат ету үшін жаратылдық. Бірақ, мұны түсінетіндер аз.
Бәһлүл балаға риза болып, басынан сипайды:
– Өркенің өссін, балақай. Мұны кімнен үйрендің?
– Сіз Құран оқымайсыз ба?
– Әрине, оқимын.
– Онда «Біз сендерді босқа жаратты, есеп бермейміз деп ойладыңдар ма?» (Мүмин, 23/115) деген аятты көрмеп пе едіңіз?
Баладан осы сөзді естігенде, Бәһлүлдің де көңілі бұзылып, жылап жіберіпті.
Құдайберді БАҒАШАР