– Діні жақсы – дейді.
Баласы:
– Егер екі қасиеті болса ше? – деп сұрайды.
Әкесі:
– Діні және байлығы – дейді.
Баласы:
– Егер үшеу болса ше? – дейді.
Әкесі:
– Діні, малы және ұяты – деп жауап береді.
Баласы:
– Егер төртеу болса? – деп сұрайды.
Әкесі:
– Діні, малы, ұяты және көркем мінезі – дейді.
Баласы:
– Егер бесеу болса ше? – деп сұрайды.
Әкесі:
– Діні, малы, ұяты, көркем мінезі мен жомарттығы – дейді.
Баласы:
– Алтау болса ше? – деп сұрайды.
Әкесі:
– Құлыным, егер адамда осы бес қасиеті болса, ол шынайы тақуа, Алланың досы және шайтаннан таза болғаны – деп жауап береді.
Жалғас Садуахасұлы,
дінтанушы