Түйінді тақырып талқыланды

    92

     

    Дәрісте «Дінтанушылар конгресінің» төрағасы, Мемлекеттік басқару академиясы «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Айдар Әбуов пен Дін істері комитетінің өкілі Айнұр Чигирова радикалды ағымдар, экстремизм мен терроризм турасында сот төрағаларына кеңінен түсіндіріп, тұшымды ойларын ортаға салды.  

    Бүгінде жаһандық сипатқа көшкен теріс пиғылды топтардың әрекеттері әлем елдерін алаңдатып отырғаны шындық. Сананы сарсаңға салып, өз мақсаттарын іске асыруда ештеңеден тайынбайтын мұндай экстремистік топ идеяларының ел ішінде дендеп кетпеуін қадағалап, алдын алу – бүгінгі күннің кезек күттірмес күресі болмақ.

    Осы сынды салмақты тақырыпта ой бөліскен жиында тараптар өз ұсыныс-пікірлерін айтты.  Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізудің негізгі тетіктеріне тоқталып, түйінді тақырып кеңінен талқыланды.

    Пікір жазу