11 шілде. KAZISLAM – Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы «Sulpak», «Alser», «Мечта» тұрмыстық техника және электроника дүкендерінде дін мәселелері бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы udr.mangystau.gov.kz хабарлады. 

 Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» ұйымдастырған шараның мақсаты – жергілікті тұрғындар арасында дәстүрлі дінді насихаттау, Исламның хақ қағидаларын түсіндіру, қоғамды бөтен ағымдар мен секталардан сақтандыру. Аталмыш сауда орындарында өткен шара барысында халықты толғандырып жүрген сұрақтарға исламтанушы мамандар тарапынан толық, нақты ақпарат берілді.