26 шілде. KAZISLAM – Ел Президенті Айя-София мешітінің жұмыс кестесін өзгертуге өкім етті.

Түркия Президенті Реджеп Эрдоган Стамбұлдағы Айя-София мешіті дұға ету үшін тәулік бойы ашық тұрсын деген тапсырма берді. Бұл туралы Стамбул губернаторы Әли Ерликая өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, Айя-София мешіті тәулік бойы ашық тұрады.

10 шілде күні Реджеп Эрдоган Әулие София соборын қолданыстағы мешітке айналдыруды көздейтін жарлыққа қол қойды. Шешім Түркияның Мемлекеттік кеңесі (елдің жоғарғы әкімшілік соты) соборды мұражайға қайта құру туралы 1934 жылғы Кемал Ататүріктің декретін жойғаннан кейін көп ұзамай қабылданды.

Әулие София соборын қайта құрылымдау туралы шешімге оны ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысандары тізімінен шығарылуы себеп болуы мүмкін.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Екпе салдырмағандар көшеге шыға алмайды

АҚШ пен Еуропа Түркияның Әулие София соборының мәртебесін өзгертуге қатысты шешімін сынға алды. Әлемдегі дін бостандығы жөніндегі комиссияда түрік билігінің шешімі өзге дін өкілдерінің сезімін елемеу деп қабылданды.

Әулие София соборы Стамбұлдың тарихи орталығында, Сұлтанахмет ауданында орналасқан. 1453 жылы Константинопольді османдар басып алғаннан кейін собор мешітке айналды. 1934 жылы ол мұражай мәртебесін алған еді. 1985 жылы София соборы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының құрамына енгізілді.

Пікір жазу