KAZISLAM – 28 қыркүйекте ҚР АҚДМ өкілдері ақпаратқа қолжетімділік мәселелері және СOVID-19 пандемиясына ден қою шаралары бойынша өңірлік онлайн-кездесудің жұмысына қатысты. Кездесуді ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік Бюросы ұйымдастырды.

Сондай-ақ, жұмысқа Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдан келген уәкілетті мемлекеттік органдардың, омбудсмендер офистерінің және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысып, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы тәжірибемен және соңғы үрдістермен бөлісті.

Кездесу барысында ҚР АҚДМ өкілі Бекзат Рахимов пандемиямен күрес жағдайындағы ақпараттың ашықтығы мен шынайылығының жоғары маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысына жан жақты тоқталды.

Пікір жазу