Иә, әлбетте шынайы садақаны алуға тиісті жандар олар: пақыр туыстар, ең жақын ағайындар, сосын есігі жақын көршілер, достар, жесірлер, жетімдер, жолда қалғандар және т.б. мұқтаждар құрайды. Жалпы, көпшілік адамдардың беретін садақасы 100 теңге мен 500 теңгенің арасын құрайтыны ақиқат. Бұл өз кезегінде ешкімді байытып немесе кедей етіп тастамайтыны анық. Ал, Сіз айтып отырған тәжік әйелдерінің жанында үнемі кішкене балалары жүреді, солар алақан жайып «Алла разылығы үшін беріңізші» – деген жалынышты сөздерін айтады. Мұндай сөздерден кейін қандай мұсылманның жүрегі шыдап тұра алады. Сондай-ақ, әрбір мұсылман «Алланың разылығы үшін» деген сөз айтылғанда қолындағы бәрін беруге дайын тұрары сөзсіз. Алайда садақа алуға лайықты кісілердің бірінші қатарын пақыр туыстар, ең жақын ағайындар, сосын есігі жақын көршілер, достар, жесірлер, жетімдер, жолда қалғандар және т.б. мұқтаждар құрайды. Алланың елшісі (с.ғ.с): «Міскінге берілген садақа тек садақа саналады. Ал туысқанға берілген садақа – садақа әрі туыстық байланыс», – деген. («Сунан Ибн Мажа», 1/591) Міне, осындай дәлелдер келтіре отырып Сізге айтарым садақаны ең алдымен өз туысқандарыңыздан, жанұяңыздан, жақын көршілерге берсеңіз абзал. Ал, егер олар тараптан садақаны алуға деген ықылассыздық, түсінбеушілік пайда болып жатса немесе артылып жатса, онда Сіз сұрағыңызда атаған адамдарға бергеннің ағаттығы жоқ.

Пікір жазу