Сирия арамб республикасын соғыстан кейін қалпына келтіру жұмыстарына шиеленісті жылдарда Сирияға көмектескен елдер ғана қатысады. Бұл туралы Сирия президенті әкімшілігінің саяси және медия мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бусейна Шаабан мәлімдеді.

Президент кеңесшісі мемлекетті қалпына келтіруші елдер қатарында Иран, Қытай және Ресей елдері болатынын атап кетті, деп жазады Islam Today. «Біздің президент Башар Асад соғыс кезінде бізге қарсы соғысқан елдер қайта қалпына келтіру жұмыстары қатыса алмайтынын мәлімдеді. Тек бізге көмектескен және соғыс кезінде достық қатынаста болған мемлекеттер ғана әріптес бола алады, елді қалпына келтіру процесіне қатысады» дейді ол.

Бусейна Шаабан сондай-ақ алдымен Сирия территориясының қалған бөлігін террористерден азат етіп, содан соң республиканы қалпына келтіру жұмыстары толыққанды басталатынын атап өтті.