Сириядан оралғандарға көмек көрсетілді

    499

    25 қазан. KAZISLAM – «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Ақтөбе облысындағы 6 ауданда түрлі шара өтті.

    Жоба аясында 100-ден астам маман мен сарапшы жұмыс істеді. Олар барлығы 26 ауылды аралап, 191 адамға нақты көмек берілді.

    «Вакцина алудан бас тартқан отбасылармен кездесіп, екпенің маңыздылығы түсіндірілді. Апта бойы екі теолог «Жусан» арнайы операциясы шеңберіндегі Сириядан қайтарылған адамдарға әдістемелік көмек көрсетті. Семинар-тренингтер өтіп, діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихаттау деректі фильмдері көрсетілді», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

    Ресми мәліметке сүйенсек, барлығы 7 бизнес жоба мақұлданып, оларға түрлі бағдарламалар аясында 17,9 миллион теңге берілді. Сонымен қатар 56 адам жұмысқа орналасып, 9 отбасыға жәрдемақы тағайындалды. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында білікті дәрігерлер де көмектесті. Олар алдына келген 133 науқасқа ем жүргізді.

    Пікір жазу