Сирия бойынша кезекті келіссөздер өтеді

    135

    «Қазіргі кезде Ресей, Түркия мен Иран өз арасындағы консультацияларды белсенді түрде жүргізіп келеді. Негізгі мақсат — Сирия мәселесін реттеуге арнаған Астана процесі аясындағы келіссөздердің кезекті раундын белгілеу. Ресейдегі әріптестеріміз ол келіссөздерді 12-13 маусым күндері өткізуді қалайтындарын жеткізді. Ол жайында басқа да тараптарға xабарлаған. Кепілдік беретін мемлекеттер жақын күндері, бәлкім, алдағы бірнеше сағаттың ішінде сол кездесудің күн тәртібін жариялайды. Сол кезде қатысушылардың тізімі де белгілі болады» деді министр.

    Оның айтуынша, жоспар бойынша бұл кездесуге Ресей, Түркия мен Иран қатысады. Бұдан бөлек, аталған мемлекеттердің шақыруымен Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция келе алады. Сондай-ақ БҰҰ мен бақылаушы елдер де шақырылады.

    «Баршаға белгілі, мамыр айында өткен соңғы кездесуде кепілдік беретін мемлекеттер Сириядағы деэскалацияның төрт аймағын құру туралы меморандумға қол қойды. Астанадағы кезекті кездесуде атаған құжатты іске асыру шаралары пысықталмақшы» деп атап көрсетті Қ. Әбдіраxманов.

    Пікір жазу