Жаңалықтар

Сирия әскері Хомс қаласын толық өз бақылауына алуы мүмкін

Себебі жергілікті билік оппозициямен қаланың солтүстігінде бекінген 1,5 мың содырды әкету жөнінде келісімге қол жеткізген. Оған сәйкес қаладан шыққан топтар елдің солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясына қарай көшуі тиіс. Сондай-ақ осы аудандағы қарулы топтардың бір бөлігі үкіметтің рақымшылдығын пайдаланып, билікке берілген. Олардан осы ауданды бақылайтын полиция күштерін құру қаралған. Ал шаһардың бұл бөлігіне қарулы топтар 2014 жылғы мамыр айында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткеннен кейін шоғырланған.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close