Астана. 21 ақпан. KAZISLAM – 1,6 миллионнан аса сириялық өз отандарына оралды. Сирия мен Ресейдің босқындарды қайтару бойынша бірлескен ведомствоаралық үйлестіру штабының отырысында РФ Қорғаныс министрлігінің ұлттық орталығының басшысы генерал-полковник Михаил Мизинцев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Сирия араб республикасында инфрақұрылымдар мен әлеуметтік нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні елдің әртүрлі аудандарында 2787 тұрғын үй, 138 медициналық мекеме, 815 білім мекемесі, 127 сумен жабдықтау мекемесі, 157 наубайхана, 595 электр стансасы, 14 257 өндіріс орны қалпына келтірілген.

Орталық басшысы Сирия азаматтарын еліне қайтару және бейбіт өмірді қалыпқа келтіру мәселесінде ілгерілеу бар екенін, бұл нәтижелер халықаралық қауымдастық өкілдері назарынан тыс қалмайтынын атап кетті, деп жазады Islam-today.