Сұрақ: Сират көпірінен үш жануар өтеді дейді, бұлар қандай жануарлар?

Жауап: Риуаяттарға сәйкес хазіреті Салихтің (ғ.с.) түйесі, хазіреті Сүлейменнің (ғ.с.) худхуд құсы (удод) мен құмырсқасы және Кәхф үңгіріндегі ит сияқты кейбір жануарлар рух ретінде де, тәнімен де жәннатқа кіреді. Соған орай, олар да Сират көпірінен өтеді (Рухуль-Байян: 5:226; Қуртуби: 1:372),

Рухтың мәңгі қалатынын ескерсек, кейбір жануарлар жәннатқа рухымен де, тәнімен де кіреді деп сенеміз. Хадис шәрифте былай делінген: «Құрбандарыңды сау, мықты болғандардан таңдап алыңдар, өйткені олар Сират көпірінде сендердің көліктерің болады» (Канзуль-Уммал: 12177).

Алла үшін шалынған құрбандық малының Сират көпірінде иелері үшін  көлік болатыны сүйінші хабар. Бұл хадис мұсылман адамның қайырымдылық жасауына көп жігер береді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Діндар адамның дүние ісіне көңіл бөлуі дұрыс па?

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу