Сондай-ақ,  екі ел арасында  терроризмге қарсы тәжірибелерімен бөлісу көзделуде. Бұл туралы Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лун мен Индонезия Президенті Джоко Видодоның кездесуінде мәлім болды.

Кездесу барысында белгілі болғандай, терроризмнің ықпалы екі елге де зардабын тигізуде. Сондықтан екі ел тарапынан арнайы органдар бірігіп, терроризмнің алдын алу шараларын бастамақ.

Индонезияның арнайы құзырлы органдарының хабарлауынша, бүгінде Сирия, Ирак жерінде мыңдаған индонезиялық пен алайзиялық азаматтар соғыс майданында жүр.

Кездесуде екі ел арасында терроризмге қарсы ақпарат алмасып тұру үшін электронды бағдарламалар ұйымдастыру туралы құжаттарға қол қойылды. 

Пікір жазу