Әзіреті Біләл мен Сухайб (р.а.) арабтардың бір руына барып қыз айттырады. Олардан кім екендіктері сұралғанда Біләл (р.а.):

– Мен – Біләлмін. Мынау – досым Сухайб. Біз тура жолдан адасуда едік, Алла бізді тура жолға салды. Біз құл едік, Алла бізді құлдықтан босатты. Кедей едік, кеңшілікке қауыштырды. Егер қыздарыңды берсеңдер, «әлхамду лиллә» деп Аллаға мадақ айтамыз. Егер кері қайтарсаңдар, «субханалла» деп Алланы пәктейміз, – дейді. Арғы жақтағылар:

– Біз сендерге қыздарымызды береміз, Аллаға мадақтар болсын! – дейді. Сухайб Біләлға:

– Сен біздің ислам жолындағы еңбегіміз бен Алла Елшісінің (c.ғ.с.) жанындағы дәрежемізді де айтпадың ба? – деп сыбырлайды.

– Тыныш! Сен шындықты айттың, шындық сені үйлендірді, – деді Біләл оған.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу