Шын көңілімен шығарып салды

    34

    Сәләфус-салихиндердің (мұсылмандардың «әуелгі, ізгі жақсылары» деген мағынада) бірін қонаққа шақыру үшін шақырушы жіберіледі. Бірақ шақырушы оны таппай қайтады. Әлгі кісі шақырылғанын естіген кезде, дереу қонаққа барады. Сөйтсе қонақтар тарап, қайтып кетіпті. Үй иесі алдынан шығып:

    – Қонақтар қайтып кетті, – дейді.

    – Бір нәрсе қалды ма?

    – Жоқ.

    – Нанның үзіндісі болса да.

    – Жоқ, ол да қалмады.

    – Онда қазанның түбін қолыммен сүртіп жалайын.

    – Қазанды жуып қойдым.

    Қонақ Аллаға мадағын айтып қайтып кетеді. Кейін одан осы қонақасы жайлы сұралғанда:

    – Жақсы өтті. Шын көңілімен шығарып салды, – дейді.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ақырет үшін не дайындадың?

    Ренжімей кері қайтатын

    Әбул-Қасымның ұстазы Жүнәйд Бағдадиді бір жас бала төрт рет әкесіне қонаққа шақырады. Ал, әкесі төртеуінде де кері қайтарып жібереді.

    Жүнәйд Бағдади әрбірінде баланың көңілі үшін барып, әкесінің көңілі үшін ренжімей кері қайтатын.

    Бұл көңілдер кішіпейілділікпен Аллаға бас иген, таухидпен орныққан көңілдер ғой! Олар жұрт қабыл алса да, кері қайтарса да, Раббысы тарапынан бір ғибрат санап, пенделер тарапынан келген кемсітуге қапаланбайды. Пенделер тарапынан көрсетілген қошеметке дандайсымайды да. Олар барлық нәрсенің Қаһар болған бір Алладан келетіндігін біледі.

    Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

    Пікір жазу