«Шымкент» медресе-колледжінің ғылыми кітапхасында «Қожа Ахмет Яссауи һәм Ихсан ілімі» кітабының танытымы ұйымдастырылды.
Іс-шараға медресе-колледж директоры Талғат Әсембай, Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров және медресе-колледж ұстаздары Анарқұл Сырманов, Бейбіт Битебаев, Нұрсұлтан Басымбеков, Бахытжан Жумадуллаев қатысып, ой-пікірін ортаға салды.
Өздеріңізге белгілі, өткен жылы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» бағыты қолға алынған болатын. Осы игі бастаманы қолдау әрі насихаттау мақсатында жазылған кітаптың алғысөзін шығыстанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі жазған болатын.
«Жаңа кітапта Ихсан ілімі тұжырымдама аясында көпшілікке түсінікті әрі ыңғайлы болуы үшін Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өнегелі өсиет сөздері және рухани тәрбие – Ихсан ілімі жөнінде қажетті дүниелер қамтылған. Жастардың тәлім-тәрбесіне берері мол» деді кітап авторы М.Естеміров.