Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент медресе» колледжінің 2018 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараға арнайы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкіл имам Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы, «Қазақстан 2030» жастарды қолдау қорының Шымкент қаласындағы өкілі Сонер Кылыч және аталмыш оқу орнының директоры Талғат Әсембай сынды белді азаматтар қатысты.

Салтанатты шара барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам Бақтыбай ҚыдырбайұлыҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің жас түлектерге жолдаған ыстық сәлемін жеткізіп, өз сөзінде дін қызметкерінің жауапкершілігі мен маңыздылығын ескертіп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етудің қос дүниелік пайдасына тоқталып өтті.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Еуразияда бейбіт және тұрақты болашақ қалыптастыруда зор серпіліс керек – Тоқаев

Айта кетейік, биыл «Шымкент медресе» колледжін 32 студент тәмамдап отыр. Оның 19 ер-бала, ал 13 қыз-бала. Осы түлектердің ішінен жеті шәкірт озық шығып, оқу орнын үздік дипломмен аяқтады. Таяу уақытта түлектеріміз еліміздің әр аймағында дін жолындағы қызметтеріне кіріседі.

Пікір жазу