Шымкент: Ел тыныштығы үшін дұға жасалды

    568

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шымкент орталық мешітінде әлемде дүрбелең тудырған СOVID-19 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жасаған үндеуін жүзеге асыру мақсатында өңірдегі мешіттерде Құран хатым етіліп, халқымыздың амандығы мен елдің тыныштығы үшін дұға  жасалды.

    ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, Қайрат Ерғазиев, Ахметжан Керімбек, Жансейт, Кәлімжан қары Садықов, Мұхамеджан Естеміров және  Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының бас имамдары мен басқа да белгілі ұстаздар қатысты.

    Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 106 мешіттегі имамдар, қари-хафыздар үздіксіз Құран оқып,  30 рет Құран хатым етіп, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға-тілек жасауда.

    Пікір жазу