Бүгінгі таңда ШҚО-дағы жағдай тұрақты. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ерекше режимде қызмет атқаруды жалғастыруда.

Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Татьяна Карпова мәлімдеді.

Оның дерегінше, тәулік ішінде облыста «102» арнасына 592 өтініш түсіп, олардың барлығы бойынша жұмыс жүргізілді. Талдауға сәйкес өтініштер санының өсуі байқалған жоқ. 16 қылмыс ісі анықталып, оның 12-сі ашылды.

Жағдайдың тұрақтылығын ескере отырып, терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Шығыс Қазақстан облысының аумағында терроризмге қарсы операцияны аяқтау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, бұрын белгіленген шектеулермен «Төтенше жағдай» режимі жалғасуда. Сағат 23.00 – ден 07.00 – ге дейін өңірде коменданттық сағат жұмыс істеп тұр, -деді Татьяна Карпова.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қызылорда: Жолда қалған жолаушыларға қамқорлық көрсетті

Сондай-ақ оның атап өтуінше, 5 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша 406 әкімшілік хаттама толтырылып, 341 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бір тәулік ішінде осы бап бойынша 31 хаттама толтырылып,  9 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Қылмыстық істер бойынша ұсталғандардың саны 94 адамды құрайды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Барлық азаматтарды қолданыстағы шектеулерге шыдамдылық танытуға, төтенше жағдай режимінің талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, өйткені барлық қабылданған шаралар қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеуге және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ арандатушылыққа бой алдырмауға және бұзушылықтар туралы полицияға хабарлауға бағытталып отыр, -деді ол.

Пікір жазу