Шығыс Сириядағы ахуал ушығып барады (ВИДЕО)

    131

    Соңғы тәуліктерде билік әскері мұнда әр минут сайын 20 мәртеден әуе соққысын жасап жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жасырынып, бас сауғалайтын жер қалмаған. Әуеден түскен бомба мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандардың күл-талқанын шығарды, деп жазады 24.kz.

    Ресми дерек бойынша, ақпан айы басталғалы Шығыс Гутада 340 бейбіт тұрғын қаза тапты. 800-ден астамы жараланды. Башар Асад үкіметі жаппай бомбалау арқылы аймақты содырлардан азат етуді көздейді.

    Айта кету керек, Дамаскімен іргелес жатқан Шығыс Гута оппозициялық топтардың бақылауында. Мұнда шамамен 400 мыңдай тұрғын бар. Қазірде билік әскері аймақты толықтай қоршауға алып, көмектің жолдарын кесті. Сондықтан азық-түлік, дәрі-дәрмек те тапшы. Енді тұрғындардың Дамаск жіберген гуманитарлық көмекті күтуден басқа амалы қалмаған.


    Пікір жазу