Шөп жемейтін қой болған ба?

    141

    Ертеде бір тақуа ізгі жан біреуге бір қойын сатыпты. Сатып алған кісі біраз уақыттан кейін қойды әкеліп тұрып, әлгі ізгі жанға:

    – Қойыңды қайтып ал, себебі шөп жемейді – депті. Тақуа кісі:

    – Шөп жемейтінін қайдан шығардың? – деп, сұрағанда, сатып алушы адам:

    – Оны маған қатысы жоқ бір егінге жайылуға алып барып едім аузын ашпастан бірде-бір рет шөп жемеді – дейді. Сонда тақуа кісі оған:

    – Ей, мырза жаңылыс істепсің! Біліп ал, кісінің еккен егінін жеу біздің қойларымыздың да әдеті емес. Адал тапқан ақшаңа сатып алған шөпті бер! – депті.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Пайғамбар әміріне бас иген тау

    Әлгі кісі барып, айтқанындай істеп еді, қой шөп жей бастапты.

    Демек, өз заманында мұсылмандардың адал азық мәселесіне көңіл аударған жандардың иелігіндегі малдарына да әсері тиген.

    Ризықтың адалын таңдау – өмірдің нұры, көңілдің қуанышы, құлшылықтың рухы әрі жүректің қалби сәлиммен жетуінің ең басты шарты. Харам ризықтар жан-дүниенің күйреуімен өкініштерге апарып соғады. Алла біздерді адал ризығынан айырмасын! Әмин.

    Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

    Пікір жазу