Жаңалықтар

Шон Стайл мырзаны қабылдады

Тараптар кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезін өткізуге қатысты мәселелер бойынша пікір алмасумен қатар, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы екiжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын сөз етті.

Бүгінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі ұлтаралық һәм дінаралық қарым-қатынасты нығайту жолында жемісті жетістіктерге қол жеткізді. Конфессияаралық келісім мен діндер диалогын құруда еселі еңбек етіп отырған съез жұмысының негізгі мақсатының бірі де осы – өзге де елдермен достық әріптестік байланысты арттырып, әлем тыныштығына өзіндік үлес қосу. Осы үдеден шығуды көздеген бүгінгі кездесу дін саласындағы қарым-қатынас пен ауызбіршілікті арттыру жайында пікір алмасты. Сондай-ақ, сенімге селкеу түсірмей, дін бостандығы мен адам құқығына қатысты мәселелерде салмақты шешімдер қабылдау туралы да ойларын ортаға салды.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close