Сұрақ: Шариғатқа сәйкес күн қашан басталады?
Жауап: Ислам дәстүріне сәйкес күн шам намазынан басталады. Яғни күннің көзі ұясына кірген сәттен. Мысалы, бейсенбіден жұмаға қараған шам намазынан басталып, сол түнді «жұма күнінің түні» деп атайды. Себебі исламда толық күн кешкісін күн батқаннан басталып, келесі кешке (шам намазына) дейін жалғасады.
Сол сияқты «Арапа түні» деп таңы Арапа болатын түнді атаймыз. Таңы айт болған түн де айт түні. Исламдағы қалған қасиетті түндер осындай тәртіппен белгіленеді.
Һижра (мұсылманша) жыл санауы бойынша аптаның басы дүйсенбі емес, жұма күнінен бастап есептеледі. Демек, жұма күні бейсенбі күнінің шам намазынан (күн ұясына батқаннан) кейін басталады. Сол үшін кейбір азаматтар бейсенбі күнінің шам намазынан кейін «Жұма құтты болсын», «Жұма күнгі дұға-тілектер қабыл болсын» деген сияқты құттықтаулар жіберіп жатады. Өйткені пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын): «Расында, Алла жұма күнін үмметім үшін мереке қылды», деп айтқан (Ибн Мажа).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Ең керек рухани ілімнен құр қалма ағайын!
“Олар сенен рух туралы сұрайды: «Ол Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді», – де”. (Құран, ”Исра” сүресі, 85- аят.) Төменде – рух туралы бірер баян: https://kazislam.kz/azhal-perishtesi-kelgende-adamnyng-aqyrettegi-zhaghdajynan-habar-bere-me/#comment-11540. Осы сілтемедегі парақшадағы мақаланың астындағы Нұр атты автор комментарийлерін көр.