Риуаятта бір кісінің әзіреті Әлиді қонаққа шақырғандығы туралы айтылады. Әзіреті Әли (р.а.) оған: «Үш шартпен сенің шақыруыңды қабыл аламын: базардан ештеңе әкелмейсің, үйіңдегі барыңды аямайсың, бала-шағаңды қиындықта қалдырмайсың» деген екен.
* * *
Бірнеше кісі табиғиндердің бірінің үйіне барады. Табиғин кісі қонақтарына қоятын ешнәрсесі болмағандықтан, достарының бірінің үйіне барады. Досын үйінен таппаған ол үйге кіріп асулы қазан, піскен нан тағы басқа нәрселерді көреді. Барлығын көтеріп әкеліп қонақтарына ұсынып, жегізеді. Әлгі үй иесі үйіне келіп, ештеңе таппай қалады. Сұрастыра келе «Пәлен досың әкетті» дегенді естігенде, «Дұрыс жасаған» дейді де қояды. Досына жолыққан кезде: «Уа, достым, егер қонақтарың тағы келсе, тағы да ала бер» деген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ