Сұрақ: Шаңыраққа береке шақыратын қандай сүре?

Жауап: Құранның барлық сүресі қасиетті әрі берекелі. Дегенмен Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйге шайтан кірмесі үшін «Бақара» сүресін оқып тұруды өсиет қылған. Себебі шайтан ерлі-зайыптының ортасына жанжал, ұрыс пен керіс отын тастайды. Ұрыс пен жанжал болған үйден береке қашады. Ал «Бақара» сүресі шаңыраққа береке шақырып, отбасына тыныштық сыйлайды.

Бұған Алла елшісінің (Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйге шайтан кірмесі үшін «Бақара» сүресін оқып тұруды өсиет қылған. Себебі шайтан ерлі-зайыптының ортасына жанжал, ұрыс пен керіс отын тастайды. Ұрыс пен жанжал болған үйден береке қашады. Ал «Бақара» сүресі шаңыраққа береке шақырып, отбасына тыныштық сыйлайды.) былай деп айтқаны дәлел: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар!  Шындығында «Бақара» сүресі оқылған үйге шайтан кірмейді», – деген (Мүслім, Ахмет).

Алланың елшісі (Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде былай дейді: «Шындығында Алла Тағала көктер мен жерді жаратудан екі мың жыл бұрын бір кітап жазды. Ол аршының қасында. Сосын Ол сол кітаптан екі аят түсіріп, олармен «Бақара» сүресін тәмамдады. Қандай да бір үйде сол екі аят үш күн бойы оқылса, ол үйге шайтан жақындамайды», – деп айтқан (Термези және Насайи).

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  "Қиындықта ел бірге": Маңғыстау мен Аралға 7500 түк жөп жіберілді

Ал «Бақара» сүресінің соңғы аяттары туралы былай деген: «Алла «Бақара» сүресін Өзінің аршының астындағы қазынадан маған алып берген екі аятымен тәмәмдады. Сендер сол екі аятты үйреніңдер, әйелдеріңе де, балаларыңа да үйретіңдер. Шындығында ол екі аятты оқу – құлшылық, қырағат әрі дұға» (Хаким).

Тағы бір хадисінде: «Кім түнде «Бақара» сүресінің соңындағы екі аятты оқыса, оған жеткілікті болады», – деп айтқан (Ахмад, Бұхари, Мүслім және Ибн Мәжаһ).

Әрине, Құран оқи білсек, оның әрбір сүресі береке әрі шипа. «Мен бір сүре жаттадым», «Маған «Бақара» сүресі жеткілікті» немесе «Ясин» сүресі болады» деп бір немесе екі-үш сүремен шектелу қате. Мүмкін болса Құран сүрелерін көбірек және оларды бір-бірінен айырмай жаттауға күш салу қажет.

Сондай-ақ, Құранды бір сүре «күшті», «пәленше сүре әлсіз» деген сөздермен бөлектеуге болмайды. Әр сүренің (тарихы, түсу себебі, орны және т.б.) ерекшелігі ғана бар. Қайсы бір аятты оқысаңыз да барлығы – Құран, барлығы да – Каләмулла.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу