«Боко Харам» лаңкестері Нигерияның Борно штатының губернаторы Бабаган Зулумның автокөліктер колоннасына шабуыл жасады: тоғыз адам қаза тауып, көптеген адамдар жараланды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі .

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаның Жаалта аймағындағы Гажирам-Монгуно тас жолында болғанын хабарлайды.

Қаза тапқандардың жетеуі әскери, екеуі полиция қызметкерлері.

Шабуыл нәтижесінде Зулум жарақат алған жоқ, көліктер қираған. Бұл «Боко Харамның» Борно губернаторына соңғы үш айда жасалған үшінші шабуылы.

Сондай-ақ, 18 қараша күні Борно штатында, салдарынан бес адам қаза тапқан, содырлар атып түсірген тікұшақ туралы еске саламыз .

Пікір жазу