KAZISLAM – Францияның Лион қаласында шабуыл жоспарлаған пышақпен қаруланған адам ұсталды, деп хабарлайды ТАСС, Cnews телеарнасына сілтеме жасап.

Францияның орталығында орналасқан Лион қаласының полициясы бейсенбі күні теміржол вокзалында пышақпен қаруланған адамды ұстады.

Полицияның хабарлауынша, күдікті шабуыл жасауға дайындалған деп санайды.Тәртіп сақшылары ұсталған адамның француздық уақытша тұруға рұқсатының мерзімі өткен ауғандық мигрант екенін анықтап үлгерді. Қазіргі уақытта тергеушілер оның ел аумағынан тысқары және ел ішіндегі байланыстарды анықтау үшін оның телефонының тексеріп жатыр.

Лиондағы оқиға Францияның оңтүстік-шығысындағы Ницца қаласында лаңкес жергілікті шіркеуде үш адамды өлтіргеннен кейін, сондай-ақ Авиньонда қарулы адамды ұстағаннан кейін көп ұзамай орын алды.

Пікір жазу