ШҚО: Имамның отбасылық қайырымдылық шарасы

    419

    Әлемді жайлаған коронавирус індетіне қарсы тұру бүгінгі күннің ең маңызды мәселесіне айналды. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы отбасымен бетперде тігіп жатыр.

    «Қазіргі таңда өңірде бетперде тапшылығы сезілуде. Халыққа аз болса да көмек болсын деген ниетпен отбасымызбен бетперде тігіп жатырмыз. Даяр болған маскаларды Өскеменге жібереміз және аудан тұрғындарына тегін үлестіреміз. Әркім осындай істі қолға алғаны құба құп. Мұндай індетке ұлт болып жұмыла қарсы тұруымыз керек» деді Тілейбек Соянұлы.

    Айта кетейік, бұл отбасы күніне 100 шақты бетперде тігіп, тегін таратуда. Алла сауаптан жазсын!

    Пікір жазу