Сауд патшасы әлемдік деңгейдегі қажылық қызметін ұсынады

    0
    79

    Құзырлы мекеме араб елдеріндегі қақтығыстарда қаза болған, із-түссіз кеткен, жарақат алған, жапа шеккен жандарға арнайы қор құру туралы шешім қабылдады. Онда қаза болған адамның отбасы мүшелері де түгел қамтылады. Тақ мұрагері әрі вице-премьер және ішкі істер министрі  Мұхаммед бин Наиф аталмыш қорға жетекшілік етеді.

    Кабинет отырысында Меккедегі қайта өңдеу жұмыстары жүргізілгеннен соң әл-Харам мешітіне 1,8 млн мұсылманға мінәжат ете алатыны белгілі болды. Бұған қоса Сауд Арабиясы Мәдениет және ақпарат министрі Әділ әл-Тораифи Матафтың (Қағбаны тауап қылатын аймақ) кеңейтілуі сағатына 107 мың адамның өтуіне мүмкіндік беретінін хабарлады. 

    Пікір жазу