Сауд Арабиясында жемқорлықпен ұсталған 20 адам босатылды

    94

    Басылым берген мәліметтеріне қарағанда, соңғы аптада босатылғандардың арасында беделді тұлғалар, соның ішінде бұрынғы қаржы министрі, Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы Saudi Aramco басшылығы мүшелерінің бірі Ибрагим Абдел Азиз әл-Ассаф, ханзада Турки бен Халид те бар. Жуырда сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот отырысы басталады.

    Еске сала кетейік, 5 қарашада ел билігінде отырған отбасының 11 ханзадасы, сондай-ақ үкіметтің бұрынғы 30 министрі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды.

    «Аль-Маядин» телеарнасы хабарлағандай, күдіктілер арасында медиамагнат Әль-Валид бен Таляль бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзада, 4 қарашада отставкаға кеткен экономика мен жоспарлау министрі Адель Факих, сондай-ақ ұлттық гвардия министрлігінің бұрынғы басшысы Митаб бен Абдалла бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзада да бар.

    Сауд билігі айып тағылған адамдар тізімін ресми түрде жариялаған жоқ.

    Пікір жазу