[:kk]Сауабы шексіз 3 амал[:]

    0
    8

    [:kk]Кешірімді болу.

    Мұндай кісінің сауабында шек жоқ. Себебі, оның сыйын Алла Тағала Өзі беретіндігін мына аятта баяндайды: «Кімде кім кешірім етіп, аралары жарасса, онда оның сыйлығы Аллаға тән» (Шура — 40).

    Сабырлы болу.

    Мұндай кісінің де сауабы өлшеусіз. Себебі, оның сыйын Алла Тағала есепсіз беретіндігін былай баяндайды: «Шын мәнінде сабыр етушілердің сыйлары есепсіз беріледі» (Зумар — 10).

    Ораза ұстаушы.

    Мұндай ораза ұстаған адамның да сауабында шек жоқ. Себебі, оның сыйын Алла Тағала құдси хадисте есепсіз беретіндігін былай баяндайды: «Ораза – Мен үшін (ұсталады) және оның сауабын Өзім беремін».

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

    дінтанушы

    [:]