Егер дінтану сараптамасына кітаптарды шалғай өңірден жолдаған болсаңыз, олардың Дін істері комитетіне келіп түсуі біршама уақыт алатыны белгілі. Дінтану сараптамасының мерзімі кітаптар Комитетке келіп, қабылданған уақыттан бастап, бір ай болып белгіленеді.
Сол уақыт ішінде кітапқа дінтану сараптамасы жүргізіліп, тиісті қорытындысы әзірленеді. Сізге жауап ретінде Комитеттің ресми хаты жолданады. Қатынас хаттардың жол уақытын қоса есептегенде бұл үдеріс әдетте 35-38 күннен аспайды.
Сараптама қорытындысы көрсетілген мерзімнен кешіккен жағдайда өзіңіз жолдаған кітаптардың сараптама нәтижесі жөніндегі нақты мәліметті Дін істері комитетінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінен немесе Дінтану сараптамасы бөлімінен 74-09-32, 74-09-76 нөмірлері бойынша сұрап білуіңізге болады.