Хазіреті Айша анамыз (р.а.) жоқ-жітім, міскіндерге жәрдем берген кезде міскін рақметін айтып дұға жасаса, Айша анамыз да оған дәл сондай дұға қайтаратын болған екен. Одан жанындағылар:

– Адамдарға жақсылық жасайсың әрі оларға дұға етесің, мұның қалай сонда? – деп сұрағанда:

– Оның мен үшін жасаған дұғасы менің берген садақамның ақысы болуынан қорқамын. Берген садақамның ақысыз тап-таза болуын қалаймын және оның сауабын тек Алладан ғана үміт етемін. Сондықтан, міскіннің маған жасаған дұғасына мен де қайталап дұға етемін,- деп жауап берген екен.

Осы тұрғыдан алғанда, ғибратты оқиғадан кез келген барлық ізгі амалдар ең алдымен Алла разылығы үшін шынайы ықыласпен жасалуы керек екенін түсінеміз.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу