Тәжірибелік зерттеуге 18-83 жас аралығындағы 1159 адам қатысқан екен. Бұған қоса, зерттеу көрсеткендей майлылығы аз сүтпен бірге сүзбе қосып жеу адамның психологиялық деңгейін де жақсартады екен.
Сонымен қатар, зерттеуші мамандардың пайымдауынша, майлылығы мол сүт пен йогурт ішетін адамдар майлылығы аз сүт ішетіндерге қарағанда аптасына 4 есе көп депрессияға ұшырайды.
«Біздің зерттеу жұмысымыз бүгінде жемісін берді. Алайда, әлі де ізденетін дүниелер бар. Біз майлылығы аз сүттің адам ағзасына пайдалы екенін анықтадық. Бірақ, бұл адам ағзасының қандай механизімінде жатқанын әлі біле алмай жатырмыз. Ендігі жерде осыны анықтау үшін жұмыстар жүргіземіз» дейді зерттеуші Риачи Нажатоми.
Атап кетсек, аталмыш университеттің бұған дейінгі зерттеулерінде сүтті күнделікті аспен бірге қолдану 2-ші санаттағы диабеттің алдын алатыны анықталған. Себебі, күнделікті қолданылған сүт асқазанды қорыту мен ішектердің жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Аударған Жалғас АСХАТҰЛЫ