Ықылас, бірлік, біліктілік, жауапкершілік пен жанашырлық жетіспейді. Жоғарыдағыларға да, төмендегілерге де қатысты осыны айтар едім.
Руханият бір адамның күшімен қалыптаспайды, бір адамның күшімен бұзылмайды, бір адамның күшімен түзелмейді де. Оған қоғамның барлық және әрбір мүшесінің өз үлесі болуы тиіс. «Бұл біздің міндетімізге жатпайды» деген ойдан жоғарыдағылар, «жақсылықтың бәрін мемлекет жасап беруі тиіс» деген ойдан төмендегілер аулақ болып, әрбір адам саналы азамат ретінде дініне де, дүниесіне де жеке жауапкершілігімен қарағаны жөн.
Дәстүрлі қазақ қоғамы қалай қалыптасты? Бүкіл ел болып ортақ рухани құндылықтарды, әдет пен әдеп заңдарын ұстанғаны, қастерлегені, қадағалағаны, сақтағанының арқасында ғана ел болды. Жалпы елдіктің өлшемі – ортақ құндылықтар мен дәстүрлерге адалдық десек, артық айтқанымыз емес.
Қоғамдасып өмір сүрудің, санатты түзеп, ел болудың бір мұраты – бір-бірінен тартынып, бір-біріне қарап бой түзеп, кемтігін толтырып, жақсысын жетілдіріп, ортақ өнеге қалыптастырып, ортақ қағидаға бойұсыну болар. Осыны әйел-еркек, жас-кәрі демей түгел ұғынып, бірін-бірі тыйып, бірін-бірі тәрбиелеп, бірін-бірі қолдап, өткенінен өнеге алып отырған жағдайда қоғам рухының тіктелуінен көп үміт күтуге болады.
Ауыл болса, қауым бола білген, басқаның баласына да бей-жай қарап көрмеген, тәрбиені бірге берген, телісі мен тентегін бірге тыйған, әдет заңы мен әдеп заңын үлкен-кіші демей, бар қазаққа ортақ еткен кешегі ақылман аталарымыздан ең болмаса осы өнегені ала білсек, ұлт ретіндегі өміріміз мыңжылдықтарға ұзарар еді…